Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жастар ұйымының мүшелері мен белсенді студенттері игі бастама көтеріп, тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – колледж аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Сенбілік барысында студенттер колледж аумағын қоқыстардан тазалап, айналаны ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Жастар ұйымының мүшелері мен белсенді студенттер бірлесе жұмыс атқарып, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі шаралар жастарды еңбекқорлыққа, тазалыққа, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға тәрбиелейді. Өйткені тазалық – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
Барша сенбілікке қатысқан студенттерге белсенділіктері мен еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Бірлігіміз бекем, ортамыз таза болсын!

#

Comments are closed