Колледжімізде білім алушылар арасында нашақорлықтың, құқық бұзушылықтың және есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу мақсатында «Синтетикалық есірткі – жасырын қауіп» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері және Жастар ресурстық орталығының маманы қатысты.
Мамандар синтетикалық есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы түсіндіріп, есірткі заттарын сақтау мен таратудың заң алдындағы жауапкершілігіне тоқталды. Сонымен қатар жастарға интернеттегі күмәнді ұсыныстардан сақтану, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын ұстану жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарына сала мамандарынан жауап алды.
Біздің мақсатымыз – жастардың саналы таңдау жасауына ықпал ету, зиянды әдеттерден қорғау және қауіпсіз болашаққа бағыт беру!
⛔ Есірткіге жол жоқ!
💚 Салауатты өмір салтын таңдайық!

Comments are closed