2026 жылғы 29 сәуір күні оқу ордамыздың 1–2 курс студенттерінің қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлымен онлайн форматта тікелей кездесу өткізілді.
Кездесу барысында прокуратура өкілі студенттерге құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидтің себептері мен оның алдын алу жолдары, алаяқтықтың түрлері, соның ішінде әлеуметтік желілердегі және қоғамдағы алаяқтық әрекеттер, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың зияны туралы маңызды әрі мазмұнды ақпараттар ұсынды. Іс-шара барысында нақты мысалдар келтіріліп, жастарға осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге жеке қауіпсіздікті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және кез келген күмәнді жағдайларда дұрыс әрі саналы шешім қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді. Аталған кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір азамат үшін аса маңызды міндет.

Comments are closed