Оқу ордамызда білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дене шынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Дәстүрді дәріптеген – ұлттық ойын» атты спорттық-ұлттық ойындар сайысы өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар қазақ халқының ұлттық ойындары бойынша бақ сынап, ептілік, шапшаңдық, күш-жігер және командалық бірліктерін көрсетті. Сайыс бағдарламасына ұлттық ойындардың бірнеше түрі енгізіліп, қатысушылар арасында қызықты әрі тартысты жарыстар ұйымдастырылды.
Ұлттық ойындарды жаңғырту – өскелең ұрпақтың бойына халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына деген құрметті қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі. Осындай шаралар білім алушылардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, ұйымшылдыққа, достыққа және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үндейді.
Ұлттық ойын – ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық рухтың жарқын көрінісі!

#

Comments are closed