Сәуір айының 17-сі күні «Киім дизайны» мамандығының 1-курс студенттеріне арналған «Қалдықтан – қазынаға, қиялдағы әлем» тақырыбында мазмұнды сабақтан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдық материалдарды тиімді пайдалану арқылы ерекше бұйымдар жасауға бағыт беру.
Шара барысында студенттер өз қиялдарын шынайы туындыға айналдырып, түрлі қалдық заттардан сәндік бұйымдар, қолөнер туындылары мен креативті композициялар әзірледі. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен дараланып, қатысушылардың шеберлігі мен жаңашыл ойлау қабілетін айқын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып қана қоймай, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал етеді.

#

Comments are closed