Колледжімізде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында студенттердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ж.Сайбектің ұйымдастыруымен «Кітап оқы – ойыңды оят!» тақырыбында әдеби кейс өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер оқыған шығармаларымен бөлісіп, әдеби туындылардың мазмұны мен негізгі идеясын талқылады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, шығармалардан алған әсерлері мен ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Әдеби кейс қатысушылардың танымдық белсенділігін арттырып, өз көзқарастарын еркін жеткізуіне және пікірлерін дәлелдей білуіне мүмкіндік берді.
Кітап оқу – ойды дамытып, рухани әлемді байытатын асыл қазына. Кітаппен дос болған ұрпақтың болашағы кемел!

#

Comments are closed