Оқу ордамызда жастар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында №3 жатақхана студенттері мен білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Еркін Ердәулет, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Садулла Бабажан қатысты.

Кездесу барысында білім алушыларға өрттің алдын алу жолдары, қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету және өрт болған жағдайда алғашқы шараларды ұйымдастыру жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Сонымен қатар мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталып, төтенше жағдай туындаған кезде сабыр сақтап, тиісті қызметтерге жедел хабарлау қажеттігін түсіндірді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

🔥 Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті!

#

Comments are closed