«Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында КДН-0923 тобының «Киім дизайны» мамандығының білім алушылары өндірістік тәжірибеден өтіп, кәсіби шеберліктерін шыңдауда.
Тәжірибе барысында білім алушылар ұлттық қолөнерден шабыт алып, дәстүрлі нақыштағы бұйымдар мен қолөнер элементтерін зерттеп, оларды заманауи сән үлгілерімен үйлестіру бағытында жұмыс жасауда. Өздерінің шығармашылық идеяларын тәжірибе жүзінде жүзеге асырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. ✨
Өндірістік тәжірибе – білім алушылар үшін теориялық білімді нақты іспен ұштастырып, еңбекке жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылық пен шеберлікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
🌿 Ұлттық мұраны дәріптеп, оны заманауи дизайнмен сабақтастыру – жас дизайнерлердің шығармашылық ізденісі мен кәсіби дамуының жарқын көрінісі!

#

Comments are closed