Бүгінгі күн – халқымыздың бай мұрасы мен мәдениетін дәріптейтін ерекше мереке! «Ұлттық киім күні» аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің ұжымы ұлттық киім киіп, ата-бабамыздан мирас болған дәстүрімізге құрмет көрсетті.
Ұлттық киімдер – халқымыздың тарихы мен болмысын бейнелейтін асыл қазына. Олардың әрбір ою-өрнегі терең мағынаға ие, ұлттың рухани байлығын айшықтайды. Осындай шаралар арқылы жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі артып, колледж ұжымының бірлігі нығая түсуде.
Бұл күн ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ерекше атмосфера сыйлады!

Comments are closed