• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

2023-2024 оқу жылына колледжге қабылдаудың негізгі ережелері мен ерекшеліктері

Май 4, 2023 Жаңалықтар

🔸 Биыл Түркістан облысындағы колледждерге 15 300 мемлекеттік тапсырыс негізінде талапкерлер қабылданады (2022 жылмен салыстырғанда грант саны 4000 -ға жуық орынға көбейеді);

🔸 Талапкерлер e.gov электронды порталы және COLLEGESmartNation.kz платформасы арқылы колледжге құжат тапсыра алады;

🔸 Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында грантқа түсетін талапкерлерді іріктеу SmartNation.kz платформасында жүргізіледі;

🔸 Талапкердің таңдаған мамандығына сәйкес аттестатындағы (куәліктегі) тиісті пәндердің бағалары платформаға енгізіледі және іріктеу автоматты форматта сол бағалардың орта шамасы негізінде жүзеге асырылады, яғни сырттан ешкім ықпал ете алмайды;

🔸 Құжаттар қабылдау басталғаннан кейін Ахмет Ясауи Колледжінің tayk.edu.kz интернет-сайтында апта сайын жаңаланып тұратын талапкерлердің SmartNation.kz платформасындағы рейтингімен таныса аласыздар;

🔸 Заңмен бекітілген квоталық категорияға кіретін азаматтар үшін мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға орындар қарастырылған;

🔸 Қабылдауға байланысты сұрақтар туындаса колледждің call-орталығына хабарласыңыздар:

▪︎87013496171

▪︎87713239833

▪︎87086165597

Ахмет Ясауи колледжіне 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс берілуі мүмкін мамандықтарға мектептен берілетін аттестаттағы (куәліктегі) сәйкес келетін пәндер тізімі төмендегі кестеде берілген.