2023 жылдың 04.05 күні колледжіміздің «Жастар ұйымы» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ұранды елдің — ұрпағы қайсар» тақырыбында 80-90 жылдар стиліндегі ерекше концерттік бағдарламасы өткізілді. Мақсат — Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, ұлтжандылық қасиеттерін студенттердің бойларына дәріптеу. Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейтінін, олар — өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы іспеттес екендігін колледжіміздің ару қыздары өзіндік ерекшелігі бар 1990 жылдардың әсерлі әрі түрлі-түсті бірқатар естеліктерімен жеткізе білді.