Ахмет Ясауи Колледжі “Гуманитарлық” пәндер бөлімшесінің арнайы пән оқытушысы Ж.Якупованың ұйымдастыруымен “Құқықтану” мамандығының білім алушыларымен бірге Көліктегі полиция департаменті, Түркістан станциясындағы Желілік полиция бөліміне криминалистика пәні бойынша оқушылардың практикалық білімдерін жетілдіру мақсатында барды.

Білім алушылар криминалистика пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көру, құқық қорғау, тергеу органдарының жұмысы, тергеуге қажетті құралдарды білу және қылмыстық оқиғаны анықтау мақсатында Көліктегі полиция департаменті, Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің жедел криминалистикалық тобының аға криминалисті, полиция майоры – Макашова Дана Сырлыбайқызымен кездесті. Кездесу барысында оқушыларға тергеулік чемодан таныстырылып, қарау өндірісі кезінде дәлелдемелермен жұмыс және өзге тергеу әрекеттері үшін қажетті техникалық-криминалистикалық және өзге де заттар жиынтығы (приборлар, материалдар, құрал-саймандар, қажеттіліктер), сондай-ақ әрбір сараптама құралдарымен таныстырып, қылмыстық ізді табу, саусақ іздерін қалай алу керек?, дактиласкопиялық сараптаманы оқушыларға тәжірибе жүзінде көрсетті.

Болашақ маман үшін қажетті тәжірибе болды.

#

Comments are closed