Бүгін колледжімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Менің елім – Қазақстаным!” атты 25 қазан Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Іс-шараны колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Жақыпбеков ашып оқытушылар мен студенттерді құттықтады. Іс-шара мақсаты: студенттердің өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге баулу, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.

#

Comments are closed