Колледж директоры А. Кенжалиев 2026–2027 оқу жылында білім алуға қабылданған бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында колледж басшысы оқу орны жұмысының басты нәтижесі – студенттердің сапалы білім алуы, оқу үлгерімі мен жетістіктері екенін атап өтті. Сондай-ақ білім алушылармен тұрақты түрде кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлері мен мәселелерін тыңдауға әрдайым дайын екенін жеткізді.
Студенттерге колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарау, заманауи технологияларды меңгеру, кәсіби дағдыларын дамыту және қоғамдық өмірге белсенді араласудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар білім алушылар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында колледж директоры студенттерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, сапалы білім мен кәсіби шеберлікті басты мақсат етуге шақырды.

Comments are closed