Оқу ордамызда өтіп жатқан «Өндірістегі 10 күн»акциясының екінші күні «Өндірістің бүгінгі талабы»тақырыбында жалғасын тапты.
Акция аясында колледж білім алушылары топ жетекшілерімен бірге Түркістан қалалық сотына барып, мекеменің жұмыс барысымен және мамандарға қойылатын кәсіби талаптармен танысты.
Кездесу барысында білім алушыларға сот жүйесінің қызметі, мамандардың күнделікті атқаратын міндеттері, жұмыс барысында қажет болатын кәсіби дағдылар мен жауапкершілік жөнінде түсіндірілді. Сондай-ақ еңбек нарығында білікті маманға қойылатын талаптар, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығы сөз болды.
Мұндай тәжірибелік кездесулер білім алушылардың болашақ мамандығы туралы түсінігін кеңейтіп, кәсіби ортадағы жұмыс үдерісін тікелей көруге және қажетті дағдыларды айқындауға мүмкіндік береді.
🎯 Өндірістің бүгінгі талабын білу – ертеңгі білікті маманды даярлаудың маңызды қадамы!

Comments are closed