25 қазан – Республика күніне орай, Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілген қол күрес сайысында I орын иеленгені үшін ДТС-0921-1 тобының студенті Мақұлбек Нұрдаулет және гір тасын көтеруден II орын иеленгені үшін ДТС-0919-1 тобының студенті Саматұлы Ерсін Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың Дипломымен, Арыс қаласы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің міндеттерінің бірі болып табылатындықтан оқу ордамыздың жеңіске қол жеткізген білім алушыларымызға бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға шын жүректен тілектеспіз. Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *