• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Ұлттық ойындар» сайысы

Окт 18, 2022 Жаңалықтар

25 қазан — Республика күніне орай, Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілген қол күрес сайысында I орын иеленгені үшін ДТС-0921-1 тобының студенті Мақұлбек Нұрдаулет және гір тасын көтеруден II орын иеленгені үшін ДТС-0919-1 тобының студенті Саматұлы Ерсін Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың Дипломымен, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту — бүгінгі күннің міндеттерінің бірі болып табылатындықтан оқу ордамыздың жеңіске қол жеткізген білім алушыларымызға бұдан да биік белестерді бағындыруларыңызға шын жүректен тілектеспіз. Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *