2023 жылы 27 ақпан күні, “Ахмет Ясауи Колледжі” педагог-психологы, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Бекенова мен әлеуметтік педагог, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы К.Арысбектің ұйымдастыруымен “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, колледждің оқу залында білім алушылар мен қызметкерлердің қатысуымен іс-шара өтілді.
Семинар-тренингтің мақсаты: Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру.
Семинар-тренинг барысында – психологиялық бағыт беру мақсатында аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық екендігі, қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқаны, оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқаратындығы туралы баяндалды. «Аутодеструктивті мінез-құлық және оның алдын алу» бейне фильм көрсетіліп, білім алушылардың ой-пікірлері талқыланды. «Өміріңнің бақытты сәттері», «Сағат бойынша достар», «Ауа-райы» жаттығулары мен «Сіз уайымға бейімділігіңіз», «Суретке қарап таңдау жасаңыз» психологиялық тесттері жүргізілді. «Шегенің ізі» әңгімесін білім алушыларға ой-түю, тренингті қорытындылау мақсатында римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет.
Семинар-тренинг соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ашық айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Comments are closed