Қ.А.Ясауидің туғанына – 930 жылдығына орай, 2023 жылы 28 ақпан күні “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен “Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мол мұра” тақырыбындағы байқау мектеп оқушыларының қатысуымен Ашық есік күні және сабақтан тыс іс-шарасы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпағымызға Қ.А.Ясауи еңбегіндегі дүниетанымдық философиялық тағылымдарын саралауына бағыт беру.

Байқауға қатысуға келген мектеп оқушылары мен олардың жетекшілеріне директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары және бірлестік мүшелері колледжде оқытылатын мамандықтар бойынша мағлұматтар бере отырып, оқу ғимаратының техникалық-базасы мен зертханалық кабинеттерін таныстырып, экскурсия жасады.

Байқауға қаламыздағы:

– Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебі;

– М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы;

– М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі;

– Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы;

– Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің оқушылары жетекшілерімен бірге келді.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары көрермендерге таныстырылып, мектеп оқушыларына 2023 ж. атаулы күндер мен тарихи жерлерден (сұрақ-жауап) әдістері қолданылды. Қ.А.Ясауидің хикметтері оқылды.

Байқау нәтижесінде:

– Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы Дүйсенбек Бақытжан мен жетекшісі Спанова Айсұлу I Дәрежелі дипломмен;

– Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушысы Бахи Нұрасыл мен жетекшісі Искенова Ғазиза II Дәрежелі дипломмен;

– М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының оқушысы Құралбай Нұрбаба мен Райымбетова Айгуль II Дәрежелі дипломмен;

– М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қасым Несібелі мен Самуратова Ахжан III Дәрежелі дипломмен марапатталып,

– Төле би атындағы №19 жалпы орта мектебінің оқушысы Садыкова Жанель мен Жунисова Айша;

– Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінің оқушысы Уалихан Жанерке колледж директорының Алғыс хаттарына ие болды.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

#

Comments are closed