Колледж кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ақындар жырлаған туған өлке» тақырыбында әдеби қонақжай кеші өтті.

Мақсаты: Қазақстандағы және туған өлкеміздегі әдебиеттің танымал тұлғаларының шығармаларын оқырмандарға таныту. Білім алушылардың өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Әдеби кешке ЕТБ-0922-1, ЕТБ-0922-2 және ЕТБ-0922-3 топтарының студенттері қатысты. Оларға үш кезеңнен тұратын Отан, туған жер, туған елге қатысты мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындау ұсынылды.

Қатысушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, М. Шахановтың «Туған жерге оралу», Ф.Оңғарсынованың «Туған жер», Ж.Нәжімеденовтің «Менің елім», Қ.Аманжоловтың «Туған жер», Қ.Бегмановтың «Шерлі Түркістан», М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңдерін мәнеріне келтіре жатқа айтып, Қ.Аманжоловтың «Атамекен», М.Мақатаевтың «Туған жерге», Қ.Бауыржанұлының «Туған жер-тұғырым» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Кітапханашы К.Сүлейменова оқырмандарды «Түркістанның дара тұлғалары» атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеге өлкеміздің елге, жерге, тілге жанашыр ақын-жазушылар мен Ө.Жәнібеков, Н.Төреқұлов сынды қоғам қайраткерлерінің шығармалары қойылды.

Шара соңында мәнерлеп оқу сайысында жүлделі:

І орын – ЕТБ-0922-3 тобының студенті Омаш Алмат;

ІІ орын – ЕТБ-0922-1 тобының студенті Құлмахамбет Ақтолқын;

ІІІ орын – ЕТБ-0922-1 тобының студенті Шукурулла Умида арнайы дипломмен марапатталды.

#

Comments are closed