Сәуір айының 11-і күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мәңгілік ел -мәңгілік тіл» тақырыбындағы айлық іс-шара аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Махаббатымды жеткізген тармақтар » атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің қонақтары Түркістанда поэзия әлеміне ерекше леп, серпіліс алып келген жас ақындар , «Тармақтар» жобасының авторлары ақын Төлеутай Еламан мен оның өмірлік жары, тележүргізуші, айтыскер ақын Рысгүл Досжанова. Студенттер ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, поэзияға деген құштарлықтарын арттыра білді.

Іс-шараның мақсаты: халықтың ықыласына бөленіп жүрген ақындарымыздың өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, поэзия түсінігі арқылы кітапқа , поэзия оқуға қызығушылықтарын арттыру.

#

Comments are closed