Маусым айының 24-і күні ВЕТ-0920 тобынан «Паразитология және жануарлар мен құстардың инвазиондық аурулары» және «Ветеринарлық-санитарлық сараптама» пәндері бойынша қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан түрінде алынды. Емтихан барысында еттің балаусалығын люминоскоп құралымен анықтау, трихенеллоскоп аспабымен етті тексеру процестері жүргізілді және Фюллеборн әдісімен паразит құрттарын анықтады. Емтиханға Түркістан қалалық ветеринарлық зертхана дәрігері, Сауран аудандық ветеринарлық қызметінен эпизоотолог маман келіп қатысты.

#

Comments are closed