Қыркүйек айының 20-сы күні Кентау политехникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 49 білім беру ұйымдарының ТжКБ әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, жалпы білім беретін пәндер педагогтеріне арналған «Сабақта нейрондық желілер мен жаңа технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында өткен оқыту семинарында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің Информатика пәні оқытушысы Халилаева Ақерке Абдуллақызы «Білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында семинар оқып, озық тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында оқытушы Халилаева Ақерке жасанды интеллекттің пайдасы мен зиянын ашып көрсетіп, заманауи мұғалімнің сабақта үздіксіз қолдануына ыңғайлы жаңа платформалармен таныстырып, қолданылуы мен мүмкіндіктерімен таныстырды.
Comments are closed