Қыркүйек айының 23-і күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ!» тақырыбында («ДосболLIKE» акциясы аясында) мотивациялық кездесу өтті.
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі,Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және облыстық Медиация кеңесінің төрағасы Б.Бейсембаев, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан және студент жастары мен этнос өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты – бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту.
Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.
Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Comments are closed