Қыркүйек айының 25-і күні колледж мейірбикесі Ү.Қалдарбекқызы, қыздар ұйымының төрайымы Н.Ибрагимова, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік-педагог Б.Тұрсынханның ұйымдастыруымен оқу ғимаратының акт залында колледжде оқитын жалпы білім алушы қыздарға салауатты өмір салтын қалыптастыру және колледж қабырғасындағы қыз балалардың ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу және қыз тәрбиесі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалпы тәжірибелі дәрігері Н.Оразханқызы мен «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психологы Ж.Ержанқызы қатысып, дәріс оқыды.
Кездесу барысында қыз балаларға тақырып төңірегінде ерте жүктіліктің негізгі проблемасы – жыныстық тәрбие туралы білімнің жеткіліксіз болуы, ерте жүктіліктің салдары, келешектегі қауіп-қатері арнайы маман тарапынан айтылып, «Ерте жүктілік деген не?», «Ерте жүктіліктің нәтижесі мен зияны қандай?», «Ерте жүктілік немен қауіпті?», «Қыз бала тәрбиесі», сондай-ақ кәмелет жасына толмаған жасөспірімді қарым-қатынасқа тарту, зорлық-зомбылық көрсету заңды түрде қылмыстық жазаға тартылатындығы және т.с.с. сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалып, жауаптар берілді.
#АхметЯсауиКолледжі

#

Comments are closed