Түркістан облысының мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі» орталығының ұйымдастыруымен, атақты этнограф, қазақ этнографиясының негізін салушылардың бірі, археолог, тарих ғылымдарының докторы профессор Арғынбаев Халел Арғынбайұлының 100 жылдығына орай, «Арғынбаев және қазақ этнологиясының мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды. Конференцияда «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі тарих пәнінің оқытушысы Н.Жорабекованың жетекшілігімен ЗҚТ-0923-1 тобының студенті Каримжан Жансая «Тағылым алар тұлға еді» тақырыбында баяндама жасады. #АхметЯсауиКолледжі
Comments are closed