Қазан айының 9-ы күні колледж педагог-психологы Г.Сауқымбаеваның ұйымдастыруымен жастар арасында күйзелістік жағдайлар аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ВЕФ-0924 тобының студенттерімен семинар-тренинг өтілді. Аутодеструктивті мінез-құлықтың қалыпты дамуға, адамның психологиясына кері әсері туралы, суицидтің жастар арасында кеңінен таралуының алаңдатарлық жағдай екендігі, жасөспірімдік кезең-адамның тұлға болып қалып тасуына әсер ететін маңызды фактор екені толық түсіндірілді.

#

Comments are closed