«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты айлық іс-шарасы аясында қазан айының 16-сы күні «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің қонағы журналист, ғалым , ұстаз композитор, профессор, халық арасында «Жас жұбайлар», «Ауыл жатыр той жасап», «Түркістаным — Тұраным», «Неге, неге», «Қазақ жауынгері» және т.б. әндерімен танымал — Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы.
Кештің мақсаты: Еліміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген, туған жерге, қазақ еліне қызмет жасаған, әлі де жасап жүрген азаматымызды үлгі ретінде таныстыру, сол арқылы жастарды елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге ықпал ету. Олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып насихаттау.

#

Comments are closed