Қазаны айының 21-і күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Digital & design» апталық іс-шарасының ашылу салтанаты болып өтті.
Іс-шара барысында «Киім дизайны» мамандығының оқытушылары Розметова Мафтуна мен Тажиметова Роза «Шарф модельдеу және түйреу» әдістеріне байланысты лайфхактар көрсетті және арнайы пән оқытушылары өз пәндері бойынша студенттермен сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттерді ынталандыру сыйлықтарымен мараппаттады. Іс-шара соңында бірлестік төрағасы Ерімбет Пернебек «Digital & design» апталық іс-шарасының құрылымымен таныстырып, атаулы іс-шараларға қатысуға шақырды.

#

Comments are closed