Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жастар арасында нашақорлықтың зардабы, адам өміріне залалы және нашақорлыққа қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында «Біз өмірді таңдаймыз! Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқу ордамызда семинар өткізілді. Семинарға Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог психиатр дәрігері Досхан Шалапов, Түркістан қаласы Игілік ата мешітінің имамы Талғат Сәкенұлы, Қалалық Полиция басқармасының ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитандары Өндірбай Еркебұлан, Нұрақ Ақбота, Жастар ресурстық орталығының психологы Ақбота Нарымбетова, социолог Динара Нысанбаева және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шохан Надирбаев қатысты. Жоғары сынып білім алушылары арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, нашақорлықтың зардабы, зорлық-зомбылықтың, бопсалау, буллинг және кибербуллинг жағдайларын анықтау, сонымен қатар оқушылардың жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдаланудың алдын алу бойынша психолог маман сауалнамалар жүргізіп, психологиялық оңалту, кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

#

Comments are closed