28 қараша күні Түркістан облыстық «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның дәрігер-эпидемиологы Адамбек Айбек, Кенжегулов Марат Ануарұлы, Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспектор маманы С.Ержанқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы А.Маратқызы және колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, колледж мейірбикесі Н.Әсілдің қатысуымен «СПИД – қасірет қақпаны» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналыстың мақсаты: жастарға АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы), ЖИТС (Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) туралы түсініктер, АИТВ-ның әлем бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, оның алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану жайында толығырақ мәліметтер беріліп, білім алушылармен сұрақ-жауап алмасып, пікірлері тыңдалды.

#

Comments are closed