Желтоқсан айының 24-і күні колледж педагог-психологы Г.Сауқымбаева колледж білім алушыларынан жасөспірімдердің өміріне қауіпті буллинг, кибербуллингті анықтау мақсатында 15 сұрақтан тұратын анонимді сауалнама алды. Сауалнамаға 1-4 курс аралығы бойынша 112 студент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің жауаптары сараланып нәтижесі шығарылды. Колледж бойынша студенттер тарапынан буллингке, кибербуллингке ұшыраған оқушылар анықталмады.

#

Comments are closed