«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің 03.02.2025-28.02.2025 ж. аралығында өтіп жатқан «Цифрлық мүмкіндіктер: ғылым мен дизайн тоғысында» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес 14.02.2025 ж. күні арнайы пән оқытушылары Б.Сатыбалды, Ш.Мырзахмет, Е.Әбдібек «Yassawi tech marathon» ІІ кезеңі «Графикалық дизайн» бағытына арналды. Жалпы сайысқа ЭЕМ, ЕТБ, ВДН топтарынан 11 команда қатысты. Жасалған жұмыстарды бағалауға арнайы «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің PR және медиа бөлімінің дизайнері Құрбан Беклан қатысты.
Сайыстың қорытынды келесідей:
І орын – «Dream Times» команда студенттері: Дүйсенбек Ернұр, Кәтіп Нұржан, Ізтілеу Нұрасыл.
ІІ орын – «ЕТБ-1123-2» тобы студенттері: Айтжанов Даулет,Оспанов Ален,Уразалин Аслан.
ІІІ орын – «ЕТБ-0923-5» тобы студенттері: Мұратханұлы Ерсұлтан, Маулен Ернар, Ақмырза Нұрасыл

Comments are closed