«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде 03.02.2025-28.02.2025 ж. аралығында өтiп жаткан «Цифрлық мүмкiндiктер: ғылым мен дизайн тоғысында» тақырыбындағы айлық iс-шара жоспарына сәйкес 17.02.2025ж. арнайы пән окытушысы Рысбек Назерке ЕТБ-1124-2 тобына «HTML макетінің элементтері мен әдістері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
📌Студенттер үшін:
Бұл ашық сабақ студенттерге HTML макетінің құрылымын, негізгі элементтерін және оларды тиімді қолдану әдістерін үйренуге мүмкіндік берді. Сабақ барысында HTML тегтері, блоктық және жолдық элементтер, контейнерлер (div, section, article), навигациялық құрылымдар (nav, header, footer) және кесте мен форма элементтері жан-жақты қарастырылды.

#

Comments are closed