Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар шеруі» ауқымды іс-шарасы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров:
📌 «Жаңа кәсіпорындар, индустриалды аймақтар – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер! 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, оның 60%-ы жұмысшы мамандықтарға арналған!» – деп атап өтті.
Іс-шараға «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі ұжымы да қатысып, әр саланың шеберлерін көзбен көріп қайтты.
🔹 Облыста 30 колледж жұмысшы мамандықтарды оқытса, 16 мыңнан астам жас болашақтың білікті маманы атануға ұмтылуда.
🔹 Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, IT мамандары, технологтар – бәрі елге керек!
📢 «Бәсекеге қабілетті, кәсіби маман бол!» – шара қонақтары жастарды өз болашақтарын жұмысшы мамандықтармен байланыстыруға шақырды.

#

Comments are closed