«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде өтіп жатқан «Туған өлке – туған тарих қазынам» айлық іс-шарасы аясында ЕТБ-0924-1 тобына оқытушы Жорабекова Нурила «Менің Қазақстаным» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
🔹 Іс-шараның мақсаты – қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен өнерін жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті арттыру.
🎶 Шара барысында «Ана туралы жыр» әні шырқалып, хор өнер көрсетті, сондай-ақ «Сыған серенадасы» әніне әсем би қойылып, күй орындалды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар студенттердің рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Comments are closed