«Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Туған өлке – туған тарих қазынам» тақырыбындағы айлық іс-шарасы аясында оқытушы У.Шорабекова КДН-0924 тобына «Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйенің ыдырауы мен өзгеруі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсерін түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді анықтау.
Студенттер мәтіндік материалды және ақпараттық карталарды талдау арқылы «қырғи қабақ соғыс» кезеңінде биполярлы әлем қалыптастырудың себептері туралы қорытынды жасай алды.

#

Comments are closed