01.04.2025 жылы Орталық Азия инновациялық университетінде өткен Академик Мардан Сапарбаев университетінің 30 жылдығына орай Тілдер және әдебиет кафедрасы ұйымдастырған «Сөнбес жұлдыз жарығы» аймақтық әдеби байқауында біздің колледжіміздің студенттері жоғары нәтижелерге жетті.
ЕТБ-0924-1 тобының студенті Тұрмаханбет Балнұр 2-орынды иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Сонымен қатар, ДТС-0924-1 тобының студенті Егемдерді Арсен, ТКА-0924-1 тобының студенттері Жақсыбай Гүлнұр, Абдужаппарова Асал және ЕТБ-0924-2 тобының студенті Хайруллаев Жасурбек қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістіктерге жету жолында студенттерді жетекшісі Құрманбай Адиша қолдап, Алғыс хатпен марапатталды.
Барлық қатысушыларды құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тілейміз!

#

Comments are closed