Сәуір айының 3-і күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі білім алушылары «PISA – 2025» халықаралық зерттеуіне қатысты. Бұл зерттеу оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығы бойынша білім деңгейін бағалауға бағытталған.
Зерттеуге колледжден 40 білім алушы қатысып, өз білімдері мен дағдыларын халықаралық деңгейде сынап көрді. Бұл олардың тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, ақпаратты талдау және оны өмірде қолдану қабілетін көрсететін маңызды сынақ болды.

#

Comments are closed