Бүгін колледж базасында білім алушыларға арналған «Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында семинар өтілді. Семинар барысында арнайы мамандар Экономикалық тергеп тексеру департаментінің аға офицері Ермахан Мырзабай Болатұлы және Жастар ресурстық орталығының басшысы Ілескен Айдар Ерланұлы жеңіл олжаның ауыр салдары, адам тарту тәсілдері, дроптың вакансиясының қалай анықталатындығы туралы және білместікпен жасалған әр әрекеттің жауапкершіліктен босатпайтындығын нықтап түсіндірді. Сонымен бірге, қаржылық пирамидалар және оның түрлері туралы толық ақпарат беріп, пайдалы сілтемелер мен сауалнамалар таратты.
Семинар соңында студенттер қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтерін алды.

#

Comments are closed