Бүгін Түркістан ҚПБ ЖПҚ УПИ учаскелік полиция капитаны: Жаңатаев Қамбар, полиция майоры Зейнешов Сағи, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және жатақхана тәрбиешісі С.Абдихадирова №3 жатақхана студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, суицид, зорлық-зомбылықтың, интернет алаяқтарына алданып қалмаудың алдын алу болып табылады. Кездесу барысында студенттерге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің талаптары түсіндірілді. Колледж жатақханасындағы білім алушылармен ер балалар мен қыз балалардың жеке бас гигенасы, жатақхана ережесін сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Comments are closed