7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні! Осы маңызды күнге орай, оқу ордамыздың дене шынықтыру пәнінің оқытушылары студенттерімізбен бірге таңғы жаттығу ұйымдастырып, түрлі эстафеталық ойын түрлерін өткізді.
Мақсатымыз:
• Білімгерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
• Төзімділік пен шапшаңдықты дамыту.
• Спортты насихаттап, жастарды салауатты өмір салтына баулу.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және студенттерді дене шынықтыруға қызықтырып, ынталандыру. Сондай-ақ, әрбір студенттің бойында күш-жігер мен қайратты болуға деген ұмтылыс қалыптастыруға бағытталды.

Comments are closed