Оқу ордамыздың ерікті жастарының қатысуымен жалғызбасты ананың үйіне тазалық жұмыстары жүргізіліп, қолқабыс жасалып, көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық іс-шарасы өскелең ұрпақтың бойында қамқорлық пен үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білуге бағытталған маңызды қадам. Әр адамға көмек қолын созу – нағыз адамгершіліктің белгісі.
Біздің жастарымыз осындай игі іс-шаралар арқылы тек өздерінің ғана емес, қоғамның да дамуына өз үлестерін қосады. Қайырымдылық әрқашан жүректен шығатын шынайы әрекет екенін естен шығармайық.

Comments are closed