Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде оқушылардың қатысуымен «Заң және Тәртіп» айдарымен тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа заңның қоғамдағы рөлін түсіндіріп, оның маңыздылығын жеткізу болды. Заңға бағынудың қажеттілігі мен тәртіптің әр адамның өміріндегі орны ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру арқылы өз құқықтарын және міндеттерін білуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды білім берілді.
Тәртіп пен жауапкершілік – қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудың негізі. Бұл тәрбие сағаттары оқушыларды тек заңға емес, тәртіпке де құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Comments are closed