«Құқықтану, Есеп және аудит, Киім дизайны, Дене тәрбиесі және спорт және Есептеу техникасы және бағдарламамаен қамтамасыздандыру» мамандықтарының студенттері арасында экономика пәнінен колледжішілік олимпиаданың І кезеңі табысты өтті. Олимпиаданы ұйымдастырған – экономика пәнінің оқытушылары.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің экономика саласындағы теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен ойлау, талдау жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы экономикалық сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
🔹 Олимпиада барысында қатысушылар күрделі экономикалық ұғымдарды нақты мысалдармен байланыстырып, логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді.
🔹 Шығармашылықпен ой бөлісіп, экономикалық процестерге сараптама жасауда белсенділік танытты.
Мұндай білім додалары студенттердің кәсіби бағдарын анықтауға, ой-өрісін кеңейтуге және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін береді. Алда олимпиаданың келесі кезеңдері күтіп тұр!
📌 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Comments are closed