4-сәуір күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік комиссиясының «Білімде жаңа тәсілдер – болашақта жаңа жетістіктер» айлық іс-шарасы аясында ЗҚТ-0923-2 тобына арнайы пән оқытушысы Дадажанова Муниса «Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы сипаттамасы» пәнінен ашық сабақ өткізді.
🔹 Сабақтың мақсаты – студенттерге өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен мәнін меңгерту, осы бағыттағы біліктілікті қалыптастыру болды.
🔸 Ашық сабақ барысында заманауи белсенді оқыту әдістері қолданылды:
– Логикалық фотолар
– Кейс стади әдісі
– «Жалғасын тап» атты танымдық ойындар
💡 Бұл әдістер студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын, сондай-ақ командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға зор ықпал етті.
📈 Сабақ кәсіби бағыттағы білімді тереңдетіп қана қоймай, құқықтық сауаттылықты арттыруға, болашақ маман ретінде қалыптасуға үлкен серпін берді.

#

Comments are closed