🗓 2025 жылдың 16 сәуір күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік комиссиясының «Білімде жаңа тәсілдер – болашақта жаңа жетістіктер» айлық іс-шарасы аясында «Құқықтану» мамандығының арнайы пәндер оқытушылары Г.Қалдыкөзова мен М.Дадажанованың ұйымдастыруымен ЗҚТ-0924 тобының студенттері үшін «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылығын алдын алу» тақырыбында сабақтан тыс танымдық іс-шара өткізілді.
📍 Іс-шара Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында өтті. Іс-шараға сот төрағасы Сауран Бақтыбек Смағұлұлы мен психолог маман Қаныбек Фариза арнайы қатысып, студенттермен құнды тәжірибе бөлісті.
🔹 Судья С.Бақтыбек Ата Заңымыздың тарихы мен заң баптарының мазмұнын тереңінен түсіндіріп, құқықтық мәдениеттің маңыздылығына тоқталды.
🔹 Психолог Қ.Фариза студенттерге мамандандырылған соттардың құрылымы мен қызметі, сонымен қатар заңдарды түсіну және қолдану жолдары жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
💻 Студенттерге сот ғимараты таныстырылып, қазіргі таңда қолданылып жатқан заманауи ақпараттық технологиялар –
▪️ «Сот кабинеті» сервисі мен мобильді қосымшасы,
▪️ АБТ (АВФ) құрылғылары,
▪️ сот отырысы залдары мен кеңсе жұмысы жан-жақты көрсетілді.
🔚 Іс-шара соңында судья студенттерге алғыс білдіріп, білім жолында табыс тіледі.
📌 Бұл танымдық шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заң саласына деген кәсіби қызығушылығын оятып, болашақ маман ретінде ой-өрісін кеңейтуге үлкен ықпал етті.

Comments are closed