Сәуір айының 21-25 аралығында өтіп жатқан “Worldskills Turkistan – 2025” облыстық чемпионатында “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің дарынды студенттері 15 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетіп жатыр.
Колледжіміздің базасында:
• “Ақпараттық және кабельдік желілер”
• “Мобильді робототехника”
құзыреттіліктері бойынша жарыстар өткізілуде.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты “Яссы” қонақ үйінде “Мейрамхана қызметі” құзыреттілігі бойынша сайыс өтіп жатыр.
Білім мен білікті, өнер мен іскерлікті ұштастыра білген студенттерімізге сәттілік тілейміз! Жеңіс тұғыры сіздерді күтсін!

#

Comments are closed