23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай колледж кітапханасында “Кітап – дәуір айнасы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара аясында студенттеріміз жаңа әдебиеттермен танысып, кітапхана сөрелеріне қойылған тың оқулықтармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
📖 Бұл көрменің басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, рухани байлықтың, білім мен парасаттың қайнар көзі саналатын кітаптың маңызын насихаттау.
Жаңа әдебиеттер – жаңа көзқарас, жаңа идея, жаңаша ойлау қабілеті.
💬 Кітап оқып, жан дүниеңізді байытуға асығыңыз! Себебі әр кітап – рухани байлыққа апарар жол.

Comments are closed