Сәуірдің 24-і күні оқу ордамызда «Алғашқы әскери дайындық» пәні оқытушысы Балашбеков Русланның ұйымдастыруымен «Ұлы отан соғысына 80 жыл, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл» толуына орай колледжішілік әскери эстафеталық жарыс өтті.
Жарысқа жалпы саны 14 топ қатысты. Жарыс кезеңдері төмендегідей:
1. ⁠Әскери спорттық эстафета
2. ⁠Пневматикалық винтовкадан ату
3. ⁠Арқан тарту сайысы
Әскери патриоттық сайыстың мақсаты:
– студент жастар арасында патриоттық жұмысты жетілдіру;
– жаңа қазақстандық патриотизм түсінігін жастарға ұғындыру;
– студент жастар арасында патриоттық сезімді жоғарылату;
Жарыс жеңімпаздары:
ВЕФ-0924 тобы І орын
ЕТБ-0924-1 тобы ІІ орын
ЗҚТ-0924 және КДН-0924 топтары ІІІ орын.

#

Comments are closed